Инвесторларға

Құрметті инвесторлар!

«Астық Транс» акционерлік қоғамына қызығушылық танытқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Біздің Қоғамымыздың негізгі қызмет түрлері, көліктік-экспедиторлық қызмет көрсету туралы жеке шарттардың негізінде «Қазтеміртранс» АҚ және «Русагротранс» ЖАҚ компанияларының өзіндік және операциялық жүк тиеу ресурстарын басқару болып табылады.

Біздің қызметіміздің басты мақсаты, Қоғамның басқаруындағы мүліктің құнын арттыру және инвестициялаудың бүкіл мерзімі бойы сіздердің салымдарыңыздың бәсекелестік табыстылығын қамтамасыз ету болып табылады. Біздің жұмысымыздың қағидаттары: ең жоғары дәрежеде әртараптандыру, жан-жақты талдау, инвестициялауға және тәуекелдерді төмендетуге қатысты салмақты тәсілдеме болып табылады.

Біз ынтымақтастыққа дайынбыз және ол сенім мен өзара пайдаға негізделеді деген үміттеміз. Жобаларды іске асыруға өзіміздің барлық кәсіпқойлығымызды, тәжірибемізді және білімімізді пайдаланатынымызға уәде береміз.