Клиенттерге

Құрметті Тапсырыскерлер!

«Астық Транс» АҚ – астық тасығыш вагондардың ішіндегі жүк тиеу ресурстарының мамандандырылған паркінің ең ірі меншік иесі. Біз Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде ауыл шаруашылығы жүктерін тасымалдау бойынша кепілденген және сапалы көлік қызметтерінің сатылуын қамтамасыз етеміз. Қоғамның сұрыптамасында 20-дан артық сервис, соның ішінде келесімен байланысты қызметтер бар:

  • Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген астықты және ауыл шаруашылығының өзге де өнімдерін республика ішілік және халықаралық қатынастарда теміржол көлігімен тасымалдау (экспорт) мақсаттары үшін экспедиторлық қызметтерді көрсетумен;
  • вагон операторының қызметтерін көрсетумен;
  • вагондарды беру және жинау қызметтерін көрсетумен;
  • көліктік-экспедициялық қызметтерді көрсетумен;
  • сыртқы экономикалық қызметпен;
  • астық тасығыш вагондарды мүліктік жалға (жалгерлікке) берумен;
  • теміржол көлігі саласындағы ақпараттық қызметтерді көрсетумен;
  • жылжымалы құрамды жөндеу жұмысын және да қызметтерді ұйымдастырумен.

Біздің қызметіміздің мақсаты, тапсырыскерлерімізге сапалы қызмет көрсету болып табылады. Біз тапсырыскерлеріміздің жоғарылап бара жатқан қажеттіліктерін қанағаттандырудың жаңа тәсілдерін іздеудеміз және қызметтердің сұрыптамасы сен қызмет көрсету нысандарын тұрақты түрде кеңейтеміз. Қазақстан Республикасы мен таяу шетелдің бүкіл аумағын қамтитын кең ауқымды сату географиясының арқасында, біз нарықтағы үрдістерді үздіксіз байқаудың және көлік қызметтерінің жеткізілімдерін біздің серіктестеріміз қазіргі сәтте анағұрлым талап етілетін сервисті алатындай етіп жоспарлаудың бірегей мүмкіндігіне ие болдық.