Акционерлер


«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы


Қазтеміртран

«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы  — Қазақстан Республикасының жүк вагон паркінің ірі операторы. Компания Қазақстандағы темір жол көлігін реформалау шеңберінде 2003 жылғы 21 қазанда құрылды, «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның 100%-дық еншілес кәсіпорны болып табылды.


Қазақстан Республикасының жүк вагон паркінің ірі меншіктенушісі бола отырып (шамамен 63000 бірлік), «Қазтеміртранс» АҚ Қазақстан аумағы бойынша темір жол тасымалының жалпы көлемінің 50%-нан артығын жүзеге асырады. Компанияның жеке паркінде барлық типтегі және түрдегі жүк вагондары ұсынылған.

Компанияның негізгі қызметі жүк вагондарын пайдалану, вагондарды жалға беру және Қазақстан Республикасы мен өзге мемлекеттердің аумағында көліктік және экспедиторлық қызметтерді ұсыну болып табылады. Компания Қазақстан Республикасының вагондарды түгендеу паркінің иесі болып табылады.

«Қазтеміртранс» АҚ қызметі Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде, еншілес компаниялардың желісімен, мамандандырылған және өңірлік филиалдармен, сонымен қатар вагон жөндеу деполармен жүзеге асырылады.

Компанияның стратегиясы жылжымалы құрамның санын нығайтуды, шетелдік серіктестермен нәтижелі өзара іс-қимыл есебінен транзиттік тасымалдауды дамытуды, көрсетілетін қызметтерді кеңейту, қызметтің жаңа салаларында бірлескен компаниялар мен логистикалық хабтарды қалыптастыру арқылы көліктік қызметтер нарығында қызметті әртараптандыруды қарастырады.

Филиалы и представительства АО «Қазтеміртранс»
  • Филиал «Центр услуг оператора вагонов»
  • Филиал «Центр вагонного парка»
  • 10 региональных филиалов, расположенных в городах Кокшетау, Костанай, Павлодар, Караганда, Семипалатинск, Алматы, Шымкент, Кызыл-Орда, Актобе, Атырау
  • Вагоноремонтные депо
  • Представительство в России
  • Представительство в Китае


«Русагротранс» жабық акционерлік қоғамы


Русагротран

«Русагротранс» жабық акционерлік қоғамы  — Ресейде астық, басқа ауыл шаруашылық және өзге үйінді жүктерді темір жол арқылы тасымалдау саласындағы жетекші инфрақұрылымдық оператор, жеке жылжымалы құрамымен көліктік-экспедиторлық кешенді қызметтерді ұсынады. Компанияның басқаруында 30 мыңнан астам вагон-хопперлер бар.


«Русагротранс» ЖАҚ кезең сайын сызықтық элеваторлардың құрылысы мен оларды жаңартуды, темір жол бойынша астық тасымалдаудың топтық базасын кеңейтуді, тасымалдаудың заманауи технологияларын енгізуді қоса нәтижелі көліктік инфрақұрылымды қалыптастыру бойынша инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырып келеді. Бидай логистикасын оңтайландыруға ұмтыла отырып, компания жүктерді вагон бойынша жөнелтудің дәстүрлі сызбасын астықты толық құрамды маршруттық пойыздармен және нығайтушы терминалдар-элеваторларды топтық жөнелту көмегімен тасымалдау технологиясына бағыттайды. Заманауи логистикалық технологияларды енгізу жүк жөнелтушіге жеткізу мерзімдерін және тасымалдаудың аса жоғары сапасындағы жүктердің сақтығын кепіл ете отырып астық тасығыш вагондардың айналымын қысқартады.
Ресей аумағында Компанияның 6 филиалы қызмет етеді.