Тарихы

2018 
31.03.2017

30 января 2017 года реализована сделка по приобретению 50% доли АО «Астық Транс».В результате закрытое акционерное общество «Русагротранс» было признано единственным акционером АО «Астық Транс».

30.12.2016

30 декабря 2016 года 50% акций АО «Астық Транс», принадлежащих акционерному обществу «Қазтеміртранс» был выставлен для реализации путем проведения аукционных торгов.
По результатом проведенных торгов, победителем аукциона и единственным акционером АО «Астық Транс» было признано закрытое акционерное общество «Русагротранс».

05.01.2015

05.01.2015 жылы «Қазтеміртранс» АҚ және «Русагротранс» ЖАҚ акцияларды төлеу шотына 3000 астық тасығыш вагон берді.
«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы — Қазақстан Республикасының жүк вагон паркінің ірі операторы. Компания Қазақстандағы темір жол көлігін реформалау шеңберінде 2003 жылғы 21 қазанда құрылды, «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның 100%-дық еншілес кәсіпорны болып табылды.
«Қазтеміртранс» АҚ ұйымдық құрылымы орталықтандырылған аппараттан, еншілес компаниялардан, 2 мамандандырылған және Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде іс жүзінде қызметін іске асыратын 10 өңірлік филиалдан, сонымен қатар 4 вагон жөндеу депосынан тұрады.
Қазақстан Республикасының жүк вагон паркінің ірі меншіктенушісі бола отырып (шамамен 63000 бірлік), «Қазтеміртранс» АҚ Қазақстан аумағы бойынша темір жол тасымалының жалпы көлемінің 50%-нан артығын жүзеге асырады.
Компанияның жеке паркінде барлық типтегі және түрдегі жүк вагондары ұсынылған.
Компанияның қызметі келесі бағыттарды қамтиды:

  • Жүк вагондарын пайдалану
  • Көліктік-экспедициялық қызметтерді көрсету
  • Жүк вагондарын жалға беру
  • Жүк вагондарына жөндеудің жоспарлы түрлерін жүргізу
  • Металл сынықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу

Компанияда басқарудың заманауи жүйелері енгізіледі. Осылайша, 2005 жылы «Қазтеміртранс» АҚ-да сериясы 9001.2000 ISO халықаралық стандарттарының негізінде Сапа менеджменті жүйесі енгізілді.
2008 жылғы мамырда акционерлік қоғамға ISO 14001:2004 халықаралық стандартының экологиялық менеджмент жүйесі бойынша және кәсіби қауіпсіздік пен OHSAS 18001:2007 халықаралық стандартының еңбекті қорғау менеджменті сапасы бойынша халықаралық сертификаттар ұсынылды.
«Русагротранс» ЖАҚ — астық жүктерін темір жол арқылы тасымалдау саласындағы ірі инфрақұрылымдық оператор. Компанияның жылжымалы паркінде 30 000-нан артық мамандандырылған вагон бар.
Компанияның жоспарларында мамандандырылған астық тасығыш вагондар паркін жетілдіру және жаңарту жоспары бар.
«Русагротранс» ЖАҚ кезең сайын сызықтық элеваторлардың құрылысы мен оларды жаңартуды, темір жол бойынша астық тасымалдаудың топтық базасын кеңейтуді, тасымалдаудың заманауи технологияларын енгізуді қоса «РТЖ ААҚ мақұлданған нәтижелі көліктік инфрақұрылымды қалыптастыру бойынша инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырып келеді.Компанияның бизнес-стратегиясы теңіздік терминалдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаларға белсенді қатысуды ұйғарды, бұл экспорттық астық жүктерін аудару бойынша порттық қуаттылықтарды ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Бидай логистикасын оңтайландыруға ұмтыла отырып, компания жүктерді вагон бойынша жөнелтудің дәстүрлі сызбасын астықты толық құрамды маршруттық пойыздармен және нығайтушы терминалдар-элеваторларды топтық жөнелту көмегімен тасымалдау технологиясына бағыттайды. Заманауи логистикалық технологияларды енгізу жүк жөнелтушіге жеткізу мерзімдерін және тасымалдаудың аса жоғары сапасындағы жүктердің сақтығын кепіл ете отырып астық тасығыш вагондардың айналымын қысқартады.

10.10.2014

10.10.2014 жылы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында жарияланған акциялардың санын көбейту жайлы шешім қабылданды.

25.07.2014

25.07.2014 жылы қоғамның атқарушы органы — келесі құрамдағы Басқармасы сайланды: Басқарма төрағасы (Президенті) — Назарбеков Ерболат Қадырұлы; Басқарма мүшелері — Бекмағамбетов Азамат Зейноллаұлы, Қатпаев Салтай Сұлтанұлы, Кайрешева Мира Владимировна.
01.01.2015 жылғы Директорлар кеңесінің құрамы:
ДК төрағасы: О. Н. Рогачев — «Русагротранс ЖАҚ бас директорының бірінші орынбасары.
ДК мүшелері: Ержан Темірғалиұлы Жақышев — «Қазтеміртранс» АҚ Президенті; Гайдар Кабдуллаевич Касенов — «Қазтеміртранс» АҚ Корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті; Сергалей Бакчанович Мизинбаев — «Русагротранс» ЖАҚ Бас директорының орынбасары.
Тәуелсіз директорлар: Геннадий Эдуардович Бурбулис — «Стратегия» орталығының президенті; Евгений Александрович Карабанов — «Северное Зерно» ЖШС кеңесшісі.

09.04.2014

09.04.2014 жылы директорлар кеңесінің алғашқы отырысы өткізілді.

17.02.2014

17.02.2014 жылы «Астық Транс» АҚ акционерлерінің алғашқы жалпы жиналысында «Астық Транс» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы әрбір акционер тарапынан 3 мүше бойынша, 6 мүше болып сайланды:
«Астық Транс» АҚ директорлар кеңесінің құрамы:
«Қазтеміртранс» АҚ өкілдері:

  • К.Е. Әлмағамбетов — ДК мүшесі;
  • Д. Т. Альмусин — ДК мүшесі;
  • Е. А. Карабанов — ДК мүшесі (тәуелсіз сарапшы).

«Русагротранс» ЖАҚ өкілдері:
  • О. Н. Рогачев — ДК төрағасы;
  • А. В. Грибанов — ДК мүшесі;
  • Г. Э. Бурбулис — ДК мүшесі (тәуелсіз сарапшы).

04.02.2014

04.02.2014 жылы «Русагротранс» ЖАҚ-ның 1000 (бір мың) номиналды жай акцияларының 90000 (тоқсан мың) данасы «Астық Транс» АҚ жеке шотына аударылды.

30.01.2014

30.01.2014 жылы «Астық Транс» АҚ-ның 1000 (бір мың) номиналды жай акцияларының 90000 (тоқсан мың) данасы «Қазтеміртранс» АҚ жеке шотына аударылды.

31.12.2013

31.12.2013 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі комитетімен «Астық Транс» акционерлік қоғамының жарияланған акцияларын шығарудың мемлекеттік тіркелуі іске асырылды және шығарылым, номиналды құны 1000 (бір мың) теңге құрайтын 180000 (жүз сексен мың) жай акцияға бөлінді.

19.09.2013

19.09.2013 жылы «Қазтеміртранс» АҚ және 27.09.2013 жылы «Русагротранс» ЖАҚ әрқайсысы 90000000 (тоқсан миллион) теңге көлемінде акциялардың алдын-ала төлемін енгізді.

16.08.2013

16.08.2013 жылы Астана қаласы Әділет департаментімен «Астық Транс» акционерлік қоғамы тіркелді.

08.08.2013

08.08.2013 жылы «Қазтеміртранс» АҚ Президенті К.Е. Әлмағамбетов мырза тұлғасында және «Русагротранс» ЖАҚ бас директоры К. Л. Засов мырза тұлғасында «Астық Транс» АҚ құрылтайшыларының жиналысы өтті, онда «Астық Транс» АҚ мекемесі туралы шешім қабылданды, құрылтай шарты жасалды және компанияның Жарғысы бекітілді (Құрылтай жиналысының 08.08.2013 жылғы № 1 хаттамасы).