Басып шығару нұсқасы

Директорлар кеңесі төрағасының жолдауы

Құрметті акционерлер, тапсырыскерлер мен серіктестер!

О. Н. Рогачев

«Астық Транс» АҚ компаниясы 2013 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының бірыңғай экономикалық кеңістігін біріктіру шеңберінде пайда болды. Компания жұмысының мақсаты аграрлық нарықтың логистикалық инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету болып табылады. «Астық Транс» АҚ пайда болуы біздің елдеріміздің мүмкіндіктерін біріктіруге мүмкіндік берді және Қара теңіз маңы бассейндері елдерінің астық нарығындағы бәсекелестігінен бірыңғай пулды жасап шығаруға өтуі үшін негізін қалады. Дамудың осындай векторында пайда болған синергия біздің елдерімізге жуық болашақта келе жатқан нарықтардағы және жаңаларын жаулап алудағы бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді.

Осындай ірі жобаны жасап шығару біздің елдеріміздің басшылығы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «РТЖ» ЖАҚ әкімшіліктерінің саланың проблемалары мен міндеттеріне назарын аударуының арқасында мүмкін болып тұр. Қазақстан Республикасының қолайлы іскерлік ахуалы мен саланы реттеушілердің жоғары кәсіптілігі нарықты қысқа мерзімдерде сапалы қызметтермен қамтамасыз етумен қатар болашақ дамуының сенімді негізін қалауға мүмкіндік береді.

Сонау кеңес дәуірінде қазақстандық өсімдік өсіру мамандарының өнімдері қайта өндіруші кәсіпорындарда лайықты абыройға ие болғандығын атап өткен жөн. Өңірдің жоғары сапалы бидайын ұн тартушы топтаманы жақсартушы ретінде қолданған, және бұл технология Ресейдің субъектілеріне астықты жеткізіп беру бойынша сенімді әрі жедел қызметтерінің пайда болуымен байланысты, бұл технология жаңадан талап етіліп, жаппай белең алуда.

«Астық Транс» АҚ компаниясы жұмысының алғашқы жылы компания жоспарланған шаруашылық нәтижелеріне қол жеткізумен қатар астық өндірушілердің Қара теңіздің экспорттық инфрақұрылымының бөліктеріне кедергісіз бірдей қол жеткізуін қамтамасыз етті. Компания тек дәстүрлі маршруттар бойынша тасымалдауды қамтамасыз ете қоймай, жаңа көліктік дәліздерді ұйымдастыру мен шалқып өркендеп келе жатқан Қытай, Түркия және Иран өңірлерінің бағытында астықты шығару үшін инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді жасап шығару бойынша істі шындап қолға алды.


Біздің міндетіміз - ХХІ ғасырдың орасан зор жобасы – «Жаңа Жібек жолы» дәлізінің бөлігіне айналу.

Компанияның түрлі бөлімшелерінің нақты өзара іс-қимылы, қарқынды әрі үйлестірілген жұмыс салыстырмалы жастыққа қарамастан, компанияның ұжымы біртұтас механизм ретінде қалыптасқандығын және маңызды өндірістік талаптарды шешуге шамасы жететіндігін көрсетті. Барлық қызметкерлерге бірінші кезекті талап қойылды - өңірдің агро өнеркәсіптік кешенінің дамуына көмектесе отырып, нарықпен қатынаста болу. Біздің компаниямыздың қызметінің басымдылығы тапсырыскерлерге бағытталған сервисті ұсыну болып табылады.

Тәжірибесі, зейіндері және қабілеттері біздің алға жылжуымыздың кепіліне айналған акционерлер мен компанияның ұжымына алғысымды білдіргім келеді. Біздің жұмысымыз болашақ мезгілдерде өңірдің астық өндірушілеріне өндіріс көлемдерін арттыру бойынша талаптарға көңілін аударуға, ал жүкті дер уақытында және жедел жеткізу нарықтың барлық қатысушыларына ең жоғары табысқа қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігіне сенімдімін.


«Астық Транс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы О.Н. Рогачев