Компаниядағы жұмыс

«Астық Транс» акционерлік қоғамы - 2013 жылғы тамызда құрылған, біріккен қазақстандық-ресейлік кәсіпорын.

«Астық Транс» АҚ негізгі қызметі – Қазақстан Республикасында жасап шығарылған астық және басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін темір жол көлігімен республика ішіндегі және халықаралық (экспорт) қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру.

Бүгінде Компания филиалдық желіні біріктіреді: Ақмола, Қостанай облыстары мен Қазақстан Республикасының өткел темір жол шекаралық станцияларындағы өкілеттіліктер, ал қызметкерлер штаты 70 адамнан астамды құрайды.

«Астық Транс» АҚ жас, келешегі зор және ашық компания болып табылады, нарықтағы тұрақты орынға ие, әлеуметтік кепілдіктердің іштей бірыңғай корпоративтік жүйесін табысты түрде қолдайды, персоналдың уәждемесін арттырудың озық әдістеріне бас назар аударылады.


Корпоративтік мәдениет «Астық Транс» АҚ үшін Компания ішіндегі ерекше ахуалды қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылады, оның көмегімен әр қызметкер өзінің жалпы іске қатыстылығын сезінеді. Компания қызметкерлерін оқыту және біліктіліктерін арттыруға ерекше көңіл аударады. Түрлі корпоративтік мерекелер мен іс-шараларды, тимбилдингтерді өткізу жақсы дәстүрге айналды, олар ұжым ішіндегі ыңғайлы микроклиматқа өз әсерін тигізеді. «Астық Транс» АҚ персоналы - әрдайым нәтижеге жұмыс істейтін, тәртіпке салынған әрі ынтымақтастан команда. Дәл осы команда Компанияға бір жарым жыл бойы өз күш-жігерімен стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге көмегін тигізеді. Компания алдағы уақытта да қазақстандық астық пен ауыл шаруашылық өнімдерін тасымалдаудағы қажеттіліктерді тасымалдау нарығында озық орындарды иемденуге және өз қызметкерлерінің, серіктестерінің, тапсырыскерлерінің аса жоғары сенімдеріне қол жеткізуге ниет білдіреді.

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

На данных момент открытых
вакансий нет

Түйіндемеңізді жіберу үшін нысанды қолданыңыз немесе info@astyktrans.com электронды мекен-жайына түйіндемеңізді жолдаңыз

Форма для отправки резюме



Отправить