Басып шығару нұсқасы

КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

Дата новости: 23/05/2018 2018 жылға арналған егіс алқаптарының құрылымы. Алдын ала деректер бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 21,8 млн.га құрайды, бұл өткен жылдың деңгейінде. Дәнді дақылдар 14,7 млн. га, оның ішінде бидай — 11,4 млн. га, 2017 жылдың деңгейіне 544 мың га қысқарумен жоспарланады. Сонымен қатар, осы көлемге мал азығы дақылдары ұлғаяды, өткен жылдың деңгейіне қарағанда 49 мың гектарға өсумен 2,5 млн.гектардан астам дәнді — жемдік дақылдар өседі. Майлы дақылдар 2,6 млн. гектарды құрайды. Картоп алқаптарының өсу қарқыны 210 мың га немесе өткен жылға 15% — ды көрсетіп отыр. Көктемгі егістің барысы. Қазіргі уақытта көктемгі егіс жұмыстары барлық жерде қызу жүріп жатыр. 21 мамырдағы жағдай бойынша жаздық дәнді дақылдарды егу жоспарланған алаңның 31% жүргізілді, майлы дақылдар — 50% — ға, көкөніс-бақша дақылдары — 77% - ға, картоп — 55% - ға. Қант қызылшасы мен мақта егу аяқталды. Ауа райының салқын болуына және топырақтың кеш пісуіне байланысты егіс жұмыстарының қарқыны өткен жылға қарағанда біршама төмен. Осыған байланысты егістікті оңтайлы мерзімде аяқтау үшін егіс техникасын жоғары өнімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажет. Тұқыммен қамтамасыз етілуі Ағымдағы жылдың өніміне 2,6 млн. тонна тұқым себілді. Ағымдағы жылы тұқым шаруашылығын субсидиялаудың жаңа тетігі іске асырылатын болады, ол АШТӨ-ні көктемде тұқымшардан/тұқым өткізушіден 1 репродукциялы тұқым немесе элиталық тұқымдарды ең төменгі норма бойынша тегін алуды көздейді. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы элиттұқымшарға, тұқымшарға немесе сатушыға жіберілген тұқымның толық құнын норма бойынша өтейді. Бұл ретте АШТӨ күзде егін жинағаннан кейін тұқым құнының 30% - ын Тұқым шаруашылығын дамыту қорына қайтарады, ол қайтарымды ақшалай қаражатты шоғырландырады және оларды аттестатталған тұқым өндірушілер үшін негізгі құралдарды (техника мен жабдықтарды) сатып алу мен жаңғыртуды қаржыландыруға төмен пайыздық төлемге (1-2%) бағыттайтын болады. Осы тетікті іске асыру 2021 жылға қарай 3 репродукциядан төмен емес тұқыммен 100% егуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Тұқым шаруашылығын субсидиялау қағидаларының жобасы мүдделі мемлекеттік органдарда келісу рәсімінен өтуде.
Артқа жаңалықтарға