Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, алдын ала болжам бойынша жалпы астық жинау 19,5 млн.тоннаны құрайды.
«Жалпы республика бойынша 2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,3 млн.га алқапта орналастыру жоспарланып отыр, бұл өткен жылдың деңгейінен 291 мың га немесе 1,3% — ға артық», — делінген хабарламада.
Бұл ретте дәнді дақылдар 14,9 млн.га (оның ішінде бидай — 11,2 млн. га), майлы дақылдар — 2,7 млн. га, көкөніс бақша дақылдары мен картоп — 463,4 мың га, жемшөп дақылдары — 4,1 млн. га, техникалық дақылдар — 132,7 мың га (оның ішінде мақта — 110,0 мың га, қант қызылшасы — 22,2 мың га, темекі — 0,5 мың га) алқаптарға орналастырылатын болады.
«Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында өткен жылмен салыстырғанда дәнді — жемдік дақылдар (арпа, сұлы, дәндік жүгері, бұршақ және нут) 32,3 мың га, қант қызылшасы — 2,6 мың га, көкөніс бақша дақылдары мен картоп — 22,2 мың га, жемдік дақылдар — 654,1 мың га кеңейтіледі», — деп түсіндірді мекеме.
ҚР, АӨК дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, ағымдағы жылы астықтың жалпы түсімі 19,5 млн.
Астық-2019: 2019 жылы Қазақстан 19,5 млн. тонна астық өндіреді - ҚР АШМ
Источник: Зерновые & Масличные. Казахстан