Дәстүрлі түрде, қытай тарапының фитосанитарлық талаптары бойынша Қытайға арналған астық қаптармен тасымалданды. Соңғы жылдары Қазақстан-Қытай биліктерінің бірлескен күшінің және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан осы шектеулерді алып тастау мәселесін белсенді ілгерілетудің арқасында қытай билігі қазақстандық бидай мен арпаны вагондарда үйіп әкелуге рұқсат берді. Нәтижесінде, жылдан жылға Қазақстан мен Қытай астық трейдерлері арасында ынтымақтастық жолға қойыла бастады. Бұл Қазақстанның көлік компаниялары ү
Ағымдағы жылдың қазан айында «Астық Транс» АҚ қазақстандық астықты сыртқы нарықтарға, соның ішінде Қытайға жеткізуді ынталандыру үшін бірқатар бағыттар бойынша экспорттық қатынаста астық таситын вагондар ұсыну бағаларының төмендегені туралы хабарлады. Осылайша, Қытай бағытында экспортқа астық таситын вагондар 25% жеңілдікпен ұсынылады.
Мұндай шаралар осы бағытта астық тасымалдау көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Ағымдағы жылдың қазан айында тасымал 13 750 тоннаны құрады, бұл, ағымдағы жылдың қыркүйек айында тасымалдау көлемінен 10 есе көп (1 255 тонна). Бұл ретте жаңа маусымның 2 айында — қыркүйек-қазанда Қазақстаннан Қытай бағытында астық тасымалдау көлемінің өсуі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60% — ды құрады.
Әрине, астық таситын вагондармен Қытай нарығына жеткізілетін қазақстандық астықтың көлемі Қазақстаннан Қытайға дәнді дақылдар экспортының жалпы көлемі шеңберінде салыстырмалы түрде аз. Алайда, осы тасымалдардың даму динамикасын байқай отырып, қытай нарығындағы сұраныс белгілі түрде өсіп келе жатқанын жә
Құрметпен,
«Астық Транс» АҚ