Құрметті клиенттер мен серіктестер!
Жүк ағынын ұлғайту және қазақстандық астықтың экспорттық әлеуетін іске асыру мақсатында «Астық Транс» акционерлік қоғамы 2019 жылғы 1 мамырдан бастап 1 қыркүйекке дейін төменде көрсетілген экспорттық бағыттар бойынша вагондарды беру құнын төмендету туралы шешім қабылдады.
2019 жылдың 1 мамырынан 1 қыркүйегіне дейін экспорттық бағыттар бойынша тарифтерді төмендету (ҚҚС есептеусіз):
Тасымал бағыттары |
Құрамы, % |
Ресей порттары |
40 %-ға дейін |
Ресей және Ресей арқылы транзитпен (құрлықтағы бағыт) (Грузия, Әзірбайжан елдерін қоспағанда) |
8 %-ға дейін |
Ақтау – Порт эксп. |
8 %-ға дейін |
Орта Азия (УТИ, ТДЖ, ТРК, КРГ) |
12 %-ға дейін |
Барлық сұрақтар бойынша Сізге бекітілген менеджерлерге хабарласуларыңызды сұраймыз.