«Астық Транс» АҚ Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы — 2019 шақырылғаны туралы хабарлайды және барлық мүдделі тараптарға оның жұмысына 2019 жылғы 11 қыркүйекте сағат 14.00-де қатысуды ұсынады. Қоғамдық кеңесте 2019 жылғы егіннің қазақстандық астығын тасымалдау мәселелері, оның ішінде бағыттар бойынша тасымалдау болжамы, логистиканы оңтайландыру және жаңа логистикалық шешімдер, жылжымалы құраммен қамтамасыз ету мәселелері, астық және майлы дақылдарды өндіру, сату және қайта өңдеу саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері талқыланады. Қоғамдық кеңестің жұмысына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, Қазақстанның Астық одағы, «Азық — түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «Ақтау» порты, сюрвейер компанияларының басшылары және ең алдымен, қазақстандық астық өндіруші компаниялардың, астық трейдерлерінің, ұн тарту кәсіпорындарының басшылары қатысады. Нұр-сұлтан қаласы, Сарыарқа даңғылы, 6 үй. «Radisson Hotel-Астана» қонақ үйінің «Сарыарқа» конференц-залында. Байланыс тел. 8 (7172) 729907 ішкі. 151. Растауды pr@astyktrans.com эл. поштасына жіберуге болады.
Источник: АО «Астық Транс»