2019 жылы қаңтарда «Астық Транс» АҚ Орталық Азия елдеріне арналған экспорттық бағыттағы тікелей жөнелту бағытын жүзеге асыруды болжайтын жаңа «АТ-Экспресс» жобасын іске қосты.
Қазіргі уақытта бағыттың алғашқы жөнелтілуі жүзеге асырылды және вагондар жөнелту станциясына түсірілгеннен кейін Қазақстанға кері қайтарылады.
Бағыттың сыйымдылығы жүк ссалмағы 70 тонна болатын 48 астық таситын вагонды құрады. Осы бағыт бойынша вагондардың жылдамдық айналымынан басқа, тиеудің жеңілдік уақыты — 4 тәулік, түсірудің уақыты — 4 тәулік беріледі.
«АТ-Экспресс» астық және майлы дақылдарды өндірушілер, сондай-ақ қазақстандық астықтың экспорттық әлеуетін іске асыру үшін трейдерлер үшін ең сұранысқа ие экспорттық бағыттардың бірінде жақсы мүмкіндік болып табылады.
Аса құрметпен, «Астық Транс» АҚ
Источник: АО «Астық Транс»