РЕСПУБЛИКАІШІЛІК ҚАТЫНАСТА АСТЫҚ ТАСЫҒЫШ ВАГОНДАРДЫ БЕРУ ТАРИФІН 30.06.2022 ДЕЙІН КӨТЕРМЕУ ТУРАЛЫ

Жаңалық күні: 12/01/2022

Құрметті клиенттер мен серіктестер!

Мемлекет басшысының отандық кәсіпорындарды қолдау қажеттілігі туралы тапсырмасына сәйкес, азық-түлік өнімдерінің құнын тұрақтандыру мақсатында «Астық Транс» АҚ республикаішілік қатынаста астық тасығыш вагондарды беру үшін тарифті 30.06.2022 жылға дейін көтермеу туралы шешім қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, вагондарды ұсыну тарифі инфляцияға қарамастан, 2021 жылдың қаңтарынан бастап өзгеріссіз қалды, қосалқы бөлшектер құнының едәуір өсуі және вагондар айналымының нашарлауы, бұл паркті күтіп-ұстаудың өзіндік құнына тікелей әсер етеді. Қайта өңдеу саласының, ҚР АӨК саласының тұрақты жұмыс істеуі үшін Қоғам қабылдайтын шараларға түсіністікпен қарауды және жөнелту және жолдану станциялардағы айналымды мүмкіндігінше қысқартуды сұраймыз.
Артқа жаңалықтарға