Нарыққа қатысушылардың назарын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі заңнамасына сәйкес, Қоғамның аумақтық белгісі, сатып алушылар шеңбері, сатып алу шарттары, сондай-ақ саны мен бағасы бойынша Қоғам ұсынатын қызметтерді қайта сатуға шектеулер белгілеуге құқығы жоқ екендігіне аударамыз.
Қоғам делдал компаниялардың қызметтерін пайдаланбайтынын және клиенттерге көлік – экспедициялық қызмет көрсету шарттары бойынша қызметтерді тікелей ұсынатынын жүк жөнелтушілердің назарына жеткіземіз. Делдалдық компаниялардың қызметіне жүгінбей, тікелей Қоғамға көліктік экспедицияға жүгіну арқылы жүк жөнелтушілерге Қоғамның вагондарында астық тасымалының негізсіз қымбаттауы жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді. Көлік – экспедиторлық компания Қоғамның клиентімен аффилиирленген (50% немесе одан да көп) және іс жүзінде көлік бөлімшесі болған кезде ерекшелік болуы мүмкін.
Источник: https://www.astyktrans.kz/