Құрметті клиенттер және серіктестер!
ҚР Экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2024 жылғы 18 қарашадағы №21-05/07-1413 хаттамалық шешіміне сәйкес, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 2025 жылғы 20 ақпандағы №2-Ц бұйрығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің 21.02.2024 ж. №26-ОД бұйрығымен бекітілген баға шектері шеңберінде МТЖ реттеліп көрсетілетін қызметтеріне белгіленген тарифтерге арттырушы индекстер қолдану туралы шешім қабылданды.
Арттырушы индекстер 2025 жылғы 07 наурыздан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанған дейін күшіне енгізіліп, экспорттық қатынаста жүктерді вагондармен тасымалдауға және оларды импорттық қатынаста бос қайтаруға, сондай-ақ ЕАЭО шекараларында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік қатынаста жүктерді вагондармен тасымалдаған және оларды бос қайтарған кезде, соның ішінде ЕАЭО аумағында орналасқан Қазақстан темір жол станцияларының қатысуымен жүргізілетін тасымалдауға қолданылады. Бұл ретте жүктерді ЕАЭО шекараларында транзиттік тасымалдаған кезде, МТЖ реттелетін қызметтеріне белгіленген тарифтерге бұрын енгізілген арттырушы индекстердің күші жойылады.
Көрсетілген өзгерістер ШКЖ АБЖ және ЖКЖА АЖО бағдарламаларында іске асырылып, www.railways.kz сайтында орналастырылады.
Көлік-экспедиторлық қызметтер үшін клиентке ұсынылатын тарифтік мөлшерлеменің «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ т/ж-тарифін қамтитынын естеріңізге саламыз.
2025 жылғы 07 наурыздан бастап тасымалдау құнының өсуі Тасымалдаушының («Қазақстан тeмip жолы» ҰК» АҚ) т.ж. тарифінің жоғарылауына ғана байланысты, сонымен бірге Қоғамның тарифтік саясаты өзгеріссіз қалатынын хабарлаймыз.
Сұрақтарыңыз болса, өзіңізге бекітілген менеджерлерге хабарласуыңызды сұраймыз.

