«Астық Транс» АҚ халықаралық тасымалдар географиясын кеңейтуді жалғастырып, мультимодальды логистиканы пайдалана отырып, Польша бағыты бойынша жүктерді кешенді тасымалдауды ұйымдастыруға кірісті. Қызметтің жаңа форматы теміржол тасымалын, шекаралық өткелде қайта тиеуді, кедендік сүйемелдеуді, көлік құжаттамасын ресімдеуді және Польша аумағындағы соңғы жүк алушыларға дейін автомобиль көлігімен жеткізуді қамтитын «кілтке дейін» қағидаты бойынша тасымалды ұйымдастыруды көздейді.
Бұл бағытты дамыту Қазақстан жүк жөнелтушілерінің логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге және отандық өнім үшін еуропа нарығының қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Жеткізудің құрамдастырылған схемасын пайдалану тасымалдарды ұйымдастыру кезінде қосымша икемділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ логистикалық шешімдерді клиенттердің жеке қажеттеріне бейімдеуге мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру шеңберінде Қоғам халықаралық логистикалық және көлік серіктестерімен өзара іс-қимылды ұйымдастырды, сондай-ақ жүктерді бүкіл жүру маршруты бойынша сүйемелдеу схемасын жолға қойды.
Кешенді қызмет мыналарды қамтиды:
• теміржол тасымалы;
• шекаралық инфрақұрылымда қайта тиеуді ұйымдастыру;
• стандартты кедендік ресімдеу;
• халықаралық көлік құжаттамасын ресімдеу;
• жүк алушыға дейін автокөлік арқылы жеткізу.
Тарифтер мен тасымалдау шарттары клиенттерге тасымал бағыты мен жүк параметрлеріне байланысты жеке тәртіппен ұсынылады.
«Астық Транс» АҚ кешенді халықаралық логистиканы дамытуды Қоғам қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде қарастырады және экспорт маршруттарын кеңейту әрі көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады.

