Бұл жеткізілім Қазақстан мен Әзірбайжан Президенттері жасасқан келісімдердің арқасында мүмкін болды. Аталған келісімдер Ереван бағыты бойынша жүк транзитіне қойылған шектеулерді алып тастауға мүмкіндік берді. Теміржол қатынасының қайта жандануы туралы 2025 жылғы 21 қазанда Астанада өткен мемлекет басшыларының кездесуінде жарияланып, осы жылдың 29 қазанында Арменияға астықтың алғашқы жөнелтілімі жүзеге асырылды.
Азық-түлік астығының пилоттық партиясын жөнелту Әзірбайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісімдердің нышанына және Қазақстанның экспорт пен логистика әлеуетін дамытудағы маңызды қадамға айналды.
Халықаралық тасымалдарда тәжірибесі мол және мамандандырылған астық тасымалдаушы вагондардың ең ірі паркіне ие «Астық Транс» АҚ бұл жобаның негізгі операторы ретінде жүктің уақтылы және қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз етті.
Күнгей Кавказ арқылы өтетін жаңа транзиттік бағыттың ашылуы өңір елдерінің сауда-экономикалық байланыстарын нығайтып, Қазақстан астық экспортының географиясын кеңейтеді.
|
|

