2025 жылғы желтоқсанда «Астық Транс» АҚ акцияларының 100% пакеті (Біріккен Араб Әмірліктеріндегі) «SOLARIS» халықаралық сауда-инвестициялық компаниялар тобына кіретін «Temir Dala Investments Holding Ltd» инвестициялық компаниясының меншігіне шоғырландырылды. «SOLARIS» тобының бақылаушы акционері Оман сұлтанатының егемен инвестициялық қоры болып табылады. «SOLARIS» тобы әлемнің 40-тан астам елінде астық дақылдары саудасын жүргізеді және Орталық Азия, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс пен Латын Америкасы елдеріндегі инфрақұрылымдық активтерге, тамақ және ауыл шаруашылығы салаларындағы компанияларға инвестиция салады.
«Астық Транс» АҚ акционері қабылдаған Қазақстан Республикасындағы активтерді шоғырландыру туралы шешімге, сондай-ақ республика аумағындағы активтерге одан әрі инвестиция салу жоспарларына байланысты «Астана» халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында «Astyk Trans Holding Ltd» холдингтік компаниясы құрылды.
«Astyk Trans Holding Ltd» компаниясының президенті болып А.А. Шарипов тағайындалды.
2026 жылғы сәуірде «Астық Транс» АҚ акцияларының 100%-ы «Temir Dala Investments Holding Ltd» компаниясының (БАӘ) меншігінен «Astyk Trans Holding Ltd» компаниясының (Астана қ., Қазақстан Республикасы) меншігіне берілді.
Жоғарыда аталған меншік иелері құрылымындағы өзгерістер «Астық Транс» АҚ-тағы корпоративтік басқару жүйесіне өзгеріс енгізбейді және компанияның даму стратегиясына әсер етпейді. «Астық Транс» АҚ жылжымалы құрамға, элеватор активтеріне және мультимодальды логистикаға инвестиция салатын қазақстандық астықтың жетекші экспедиторы болып қала береді.

