2025 жыл 30 қыркүйегінен 3 қазанына дейін Алматы қаласында 28-ші Қазақстан халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі – TransLogistica Kazakhstan 2025 өтті. Бұл шара аймақтық көлік-логистика саласының басты оқиғасына айналды.
Биыл көрмеге Қазақстан, Қытай, Германия, Түркия, Үндістан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Латвия, Литва, Эстония, Беларусь, Ресейді қоса алғанда 21 елдің 303 компаниясы қатысты. Үш күн ішінде іс-шараға 6 463 маман мен бизнес өкілі келді.
«Астық Транс» АҚ әрқашан TransLogistica Kazakhstan көрмесі аясында өз алаңына келген қонақтарды қуана қарсы алады. Биыл стендіміз Best Stand Design («Үздік стенд») номинациясымен марапатталды, бұл компанияның экспозицияны ұйымдастыруға және келушілермен өзара әрекеттесуге заманауи әрі креативті көзқарасының мойындалғанын білдіреді.
Көрменің ресми ашылуы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы және «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілері одағының қатысуымен өтті.
TransLogistica Kazakhstan 2025 көрмесі серіктестік байланыстар орнату, тәжірибе алмасу және көлік-логистика саласындағы инновацияларды көрсету үшін ең ірі алаң екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.







