Құрметті клиенттер!
2025 жылғы наурызда «Астық Транс» АҚ-ның 100% акциялар пакеті тең негізде халықаралық инвестициялық компаниялардың меншігіне өтті: «Temir Dala Investments Holding Ltd» (Біріккен Араб Әмірліктері) және «Maamoura Wheat Trading LLC» (Оман Сұлтандығы).
«Temir Dala Investments Holding LTD» инвестициялық компаниясы Біріккен Араб Әмірліктерінде тіркелген халықаралық сауда-инвестициялық «SOLARIS» компаниялар тобына кіреді. Топтың бақылаушы акционері – Оман Сұлтандығының егемен инвестициялық қоры. «SOLARIS» тобы әлемнің 40-тан астам елінде астық дақылдарын саудалаумен айналысады, сондай-ақ Орталық Азия, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс және Латын Америкасы елдеріндегі инфрақұрылымдық активтерге, азық-түлік және ауыл шаруашылығы саласындағы компанияларға инвестиция құяды.
«Maamoura Wheat Trading LLC» инвестициялық компаниясы Оман Сұлтандығындағы инвестициялық отбасылық офиске тиесілі.
«Temir Dala Investments Holding LTD» және «Maamoura Wheat Trading LLC» инвестициялық компаниялары үшін «Астық Транс» АҚ-ны сатып алу – бұл Қазақстан Республикасы бағытына, сондай-ақ қазақстандық компания негізінде Орталық Азия елдері бағытына сауда-саттық және инвестициялық қызметті әртараптандыруға мүмкіндік беретін тартымды инвестиция болып табылады. «Астық Транс» АҚ-ға салынған инвестициялар логистикалық қызметтерді халықаралық нарықта ұсыну саласында «SOLARIS» тобының позицияларын нығайтып, Қазақстанның жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін арттыра түседі.
«Астық Транс» АҚ үшін акционерлер қатарына «Temir Dala Investments Holding LTD» және «Maamoura Wheat Trading LLC» инвестициялық компанияларын тарту – қосымша шетелдік инвестицияларды тартуға, Қазақстан аумағында және Орта Азия елдерінде өндірістік қызметті ұлғайтуға, сондай-ақ астықты жаңа халықаралық нарықтарға тасымалдау бойынша өндірістік және коммерциялық қызметті кеңейтуге мүмкіндік береді.
«Астық Транс» АҚ – теміржол көлігімен астық және басқа да ауыл шаруашылығы жүктерін жеке, жалға алынған және тартылған жылжымалы құрамда тасымалдау, сондай-ақ астықты контейнерлерге және теңіз кемелеріне тиеу арқылы мультимодальды тасымалдау негізгі қызмет түрі болып табылатын қазақстандық компания.
Компания тек қана қазақстандық астықты ел ішіндегі және экспорттық барлық бағыттар бойынша тасымалдауға маманданған және алдағы уақытта Қазақстан аумағында өндірілген немесе Қазақстан бағытына бағытталған астық пен ауыл шаруашылығы өнімдерін логистикалық қамтамасыз ету саласындағы қызметін дамытуды жалғастырады. «Астық Транс» АҚ теміржол саласында жоғары құзыреттерге ие және астық тасымалдауды бағдарлау жұмыстарын жүзеге асыратын санаулы компаниялардың бірі болып табылады, бұл жеткізу мерзімдерін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Астық тасымалының географиясы Қазақстаннан астық экспорттау бағыттарымен сәйкес келеді: бұл Орталық Азия елдері, Қытай, сондай-ақ Қара және Балтық теңіздері порттары арқылы Жерорта теңізі бассейні елдерінің дәстүрлі бағыттары.
2013 жылы компания құрылған сәттен бастап шамамен 54 млн тонна астық жүгі тасымалданды, жыл сайын орта есеппен 5 млн тоннаға дейін астық тасымалданады. Бұл ең алдымен нан өндірушілерге, құс және мал шаруашылығы кәсіпорындарына арналған астықтың ішкі тасымалын қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда «Астық Транс» АҚ-ның меншікті паркі астық таситын 3,4 мың вагонды құрайды, сондай-ақ компания астық таситын 2,7 мың вагондарды жалға алады. Бұдан бөлек, тасымалдау маусымы кезінде компания экспедиторлық шарттар бойынша қосымша 1,5 мың вагонға дейін тартады. Сонымен қатар, тартылған вагондар да қоса алғанда, бүкіл парк қазақстандық астықты тасымалдауға бағытталған және тек қана қазақстандық астық өндірушілер мен астық трейдерлеріне қызмет көрсетеді.
«Астық Транс» АҚ үшін тасымал қауіпсіздігі басты басымдық болып саналады және вагондарды ұстауға елеулі қаражат жұмсайды. Компания басқаруындағы парк толықтай жарамды және қалыпты техникалық жағдайда пайдаланылады. 2013 жылдан 2025 жылға дейін компанияның жылжымалы құрамды сатып алуға және жөндеуге салған инвестициясы 31,8 миллиард теңгеден асты.
«Астық Транс» АҚ компания қызметінің басты басымдықтарының бірі ретінде қазақстандық нарықтың астық тасымалына деген сұранысын республикалық және экспорттық бағыттарда қамтамасыз етуді алға тартады. «Temir Dala Investments Holding LTD» және «Maamoura Wheat Trading LLC» инвестициялық компанияларын акционер ретінде тарту – Орталық Азия елдері мен Қытай бағытына қазақстандық астық пен ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді логистикалық қамтамасыз ету саласында компанияның одан әрі өсуі үшін жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар ашады.

