Жаңа өнім алу үшін "Астық Транс" АҚ қазақстандық астық тасымалдау паркін барынша дайындады. Нарық сұраныстарын қамтамасыз ету мақсатында, Қоғам өз есебінен "Қазтеміртранс" АҚ паркінің бір бөлігін жөндеді, бүгінгі күні "Қазтеміртранс"АҚ-ның қалған жұмыс істемейтін паркін жалға алу және қалпына келтіру мүмкіндігі бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бұдан басқа, жоғары жалдау мөлшерлемелері мен валюта бағамының өзгеруі қиындаған басқа мемлекеттер паркін тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Жаңа маусымда астық тасымалдауға күтілетін жоғары сұраныс вагондар айналымының едәуір ұлғаюымен, ТМД паркі мен Қазақстанның өзге меншік иелерінің көрші мемлекеттерге тасымалдауға кетуімен күрделене түседі, онда астық тасығыштарды пайдаланғаны үшін мөлшерлемелер тәулігіне 100 долларға дейін жетеді.
"Астық Транс" АҚ Қоғам басқаруындағы парк тек қазақстандық астықты тасымалдауда ғана пайдаланылатынына кепілдік береді және өз клиенттеріне алдын ала өтінімдерді беру және Қоғам паркін ғана пайдаланатын бейілді клиенттерді бірінші кезекте қамтамасыз ету туралы еске салады.