«Астық Транс» АҚ бизнесті әртараптандыру шеңберінде Балтық теңізі порттарында астық терминалдарымен бірқатар шарттар жасасты. Осыған байланысты, теміржол тасымалы, ауыстырып тиеу және теңіз жүктері қызметтерін ұсына отырып, Балтық теңізі порттары арқылы қазақстандық өсімдік шаруашылығы өнімін мультимодальды тасымалдаудың іске қосылғаны туралы хабарлаймыз.
Тасымалдау маршруттар мен топтық жөнелтулер құрамында жүзеге асырылатын болады.
Қосымша сұрақтар бойынша жаңа жобалар басқармасының басшысы Эльдар Рамазановқа +77021088999 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

