Соңғы уақытта «Астық Транс» АҚ (бұдан әрі — Қоғам) Достық эксп. және Алтынкөл эксп.
станцияларының тағайындауымен тиеуге өтінімдерді қабылдау туралы жалған, ақпаратты тарату жағдайлары жиілеп кетті.
Осыған байланысты, нарық қатысушыларына таратылатын, ақпараттың дұрыс еместігі туралы хабарлаймыз. Аталған станцияларда тиелген вагондарды түсірудің төмен динамикасына байланысты қоғам бұрынғысынша ҚХР-ға өтінімдер қабылдауға мүмкіндігі жоқ.
ҚХР бағыты бойынша өтінімдерді қабылдауды қайта бастауға қатысты, ақпарат қосымша жарияланатын болады.
Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша Сізге бекітілген менеджерлерге хабарласуыңызды сұраймыз.