Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, жалпы ел бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің құны 2022 жылдың қорытындысы бойынша 23,3%-ға өсті. Құны тұтынушылар үшін ерекше маңызды өнімдер санатына бірінші сұрыптағы бидай ұны және одан өндірілген нан жатады. 2022 жылдың желтоқсанында бір килограмм ұнның орташа құны жыл басына қатысты 29% өсім көрсетіп, 230 теңгені құрады. 1 бөлке әлеуметтік нанның бағасы 96,5 теңгені құрады, бұл жыл басындағыдан 17%-ға қымбат. Сарапшылардың пікірінше, әр аймақта азық-түлік бағасының динамикасы әртүрлі. Өткен жылдың қаңтар-тамыз айларында нан құнының ең жоғары өсуі Ұлытау облысында тіркелді - 48,3% (turantimes.kz деректері бойынша).
Әрине, өнімнің қымбаттауы астық бағасының көтерілуіне және өндіріс шығындарының өсуіне байланысты.
«Астық Транс» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) вагондарының бір бөлке нан бағасындағы құнының үлесі қандай? Астық тасымалдаудағы вагондық құрамдас бөліктің құны бір килограмм ұнның орташа бағасында – 4,09 теңге немесе 1,8%, бір бөлке нанның орташа бағасында - 1,36 теңге немесе 1,4%, бұл құн нан сияқты аса маңызды және әлеуметтік маңызы бар өнімнің бағасына әсер етпейтіні анық.
2022 жылдың қорытындысы бойынша астықтың ішкі тасымалындағы «Астық Транс» АҚ үлесі 76%-ды құрады. Жедел деректерге сәйкес, 1 млн. тоннадан астам астық жүктері елдің оңтүстік өңірлеріне ұнға және одан әрі нанға өңдеу үшін жеткізілді.
Республикаішілік тасымалдау нарығы әлі де төмен маржамен әрекет етеді және көптеген экспедиторлар үшін қомақты емес, сонымен қатар онымен жұмыс істеу дағдысын талап етеді, бірақ Қоғам үшін ол әлі де басымдыққа ие.