2026 жылғы 16 сәуірден бастап «Астық Транс» АҚ-ның Бірінші вице-президентінің міндетін атқарушы болып Қуанышев Жандос Жұмашұлы тағайындалды.
Жандос Жұмашұлы 2018 жылдан бері осы тағайындауға дейін Компанияның коммерциялық бағытын Коммерциялық жұмыс жөніндегі вице-президент ретінде табысты басқарып келді. Оның жетекшілігімен коммерциялық блок тұрақты нәтижелер көрсетіп, компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге елеулі үлес қосты.
Қабылданған кадрлық шешім басқару сабақтастығын қамтамасыз етуге және Қоғам қызметінің тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған.
Бірінші вице-президенттің міндетін атқара отырып, Жандос Жұмашұлы Коммерциялық жұмыс жөніндегі вице-президент ретіндегі өкілеттіктерін сақтай отырып, коммерциялық блокқа жетекшілік етуді жалғастырады.

