«2021 жылдың егіні» астықты жаппай тасымалдау қарсаңында «Астық Транс» АҚ «Қазақстан темір жолы «ҰК"АҚ тарапынан қолдау алған астық тасымалдауды маршруттау жобасын одан әрі іске асыруға ниетті екенін хабарлайды.
Өткен маусымдағы астық тасымалын бағдарлау тәжірибесінде жүктерді (астықты) жеткізу мерзімдері айтарлықтай қысқаратыны көрініп тұр, бұл өз кезегінде клиенттер үшін — трейдингті одан әрі жүзеге асыру үшін өз, ақша қаражатының айналымдылығын жеделдетуге, ал біз, астық тасығыштардың меншік иесі үшін — тиеу ресурстарын ұлғайтуға және тиісінше, астық тасымалдау көлемдерін ұлғайтуға ықпал етеді.
Астық тасымалдауды бағдарлауды ынталандыру үшін «Астық Транс» АҚ жүк жөнелтушілерге жөнелту бағдарларын да, сатылы бағдарларын да жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар беруді жалғастырады. Жөнелту бағдарлары бір тиеу станциясынан ресімделеді, ал сатылы бағдарлары бірнеше жүкжөнелтушілер бір немесе бірнеше тиеу станцияларынан бір немесе бірнеше қатар орналасқан түсіру станцияларына тағайындалып ресімдейді.
«Астық Транс» АҚ астық тасымалдауды бағдарлау жобасы жүк жөнелтушілер тарапынан одан әрі қолдау мен сұранысқа ие болады және Қазақстан астығының экспорттық әлеуетін көтеруге оң ықпал етеді деп үміттенеді.