Ішкі талдау нәтижелері бойынша «Астық Транс» АҚ-да: тиеу кезінде вагондардың орташа тоқтау уақыты 4-10 тәулікті құрайды; түсіру кезінде де осындай көрсеткіш байқалады.
Нарықтық динамиканы ескере отырып, ынтымақ таныта отырып және клиентке бағдарланған бағытты ұстана отырып, «Астық Транс» АҚ өз серіктестеріне жүк операциялары кезінде вагондардың жеңілдікті болу уақытын ұлғайту туралы қосымша келісім жасасу арқылы ынтымақтастықтың жеңілдікті шарттарын ұсынады.
Қосымша келісімге қол қою кезінде нормативтен тыс тұрып қалу үшін есептеулер қолданылмайды. Бұл шешім клиенттерге жүктемені азайтуға және шығындардың болжамдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Қосымша ақпарат алу және қосымша келісім жасау үшін менеджеріңізге хабарласуыңызды немесе Сайттағы кері байланыс нысанын пайдалануыңызды сұраймыз.

