Құрметті клиенттер мен серіктестер!
«Астық Транс» акционерлік қоғамы 2022 жылғы 01 қазаннан бастап астық тасығыш вагондар үшін экспорттық, импорттық және транзиттік қатынастардағы вагондарды ұсыну құнын түзету туралы хабарлайды. Қабылданған шешім вагондар айналымының баяулауына және тасымалдар кірістілігінің төмендеуіне негізделген. Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша Сізге бекітілген менеджерлерге хабарласуыңызды сұраймыз.