Клиенттермен және серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту мақсатында, «Астық Транс» АҚ (бұдан әрі — Қоғам) жүк, ағынын ұлғайту және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін, төмендегілер туралы хабарлайды:
— Қоғам вагонның жүк түрі мен жүкөтергіштігіне байланысты 2021 жылғы наурызда демалыс және мереке күндері вагондарды тиеу және ресімдеу кезінде республикаішілік және экспорттық бағытта жеңілдіктер (көлік экспедициясының шарттары бойынша) ұсынуды қамтамасыз етеді;
— тарифтік мөлшерлеменің құны есепті кезең жабылған кезде түзетілетін болады. Жеңілдіктер пайызын ұсыну және есептеу мәселелері бойынша жетекшілік ететін менеджерлерге хабарласуыңызды сұраймыз
Источник: https://www.astyktrans.kz/