Құрметті клиенттер мен серіктестер!
"Астық Транс" АҚ (бұдан әрі-Қоғам) бұрын жолдағы бос тұрып қалудың артуына байланысты жалғыз вагондарды тиеуге арналған өтінімдерді қабылдаудан бас тартқаны туралы хабардар еткен болатын. Қоғам экспорттық бағыттарда жөнелтуші және сатылы маршруттарды қалыптастыру қажеттілігі туралы шешім қабылдады. Қабылданған шара мәжбүрлі және жағдай шешілгенге дейін күшінде болды.
Қолда бар өтінімдер мен нарық қажеттіліктеріне байланысты Қоғам жалғыз вагондарды тиеуге өтінімдерді қабылдауды қайта бастайды.
Өтінімдерді рәсімдеу үшін жеке менеджеріңізге хабарласуыңызды сұраймыз.