Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының көлік және аграрлық ведомстволары өкілдерінің, сондай-ақ ұлттық темір жол компаниялары басшылығының кездесуінің қорытындысы бойынша «Сарыағаш» станциясындағы вагондардың кептелісі жағдайының біртіндеп жақсарғаны байқалады.
Кездесу барысында "Узбекистон темир йуллари" АҚ мен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ астық және азық-түлік жүктерін тасымалдау саласындағы теміржол ынтымақтастығын кеңейту туралы, сондай-ақ пойыздарды тәулігіне 35 жұп айырбастауға дейін ұлғайту туралы келісті. Өзбек тарапы астық тасығыштарда күн сайын кемінде 10 астық құрамын және жабық вагондарда азық-түлік тауарларының 5 құрамын қабылдайтын болады.
Естеріңізге сала кетейік, вагондардың көп бөлігі Сарыағаш бағытында астықты экспорттық тасымалдауды шоғырландыру салдарынан жиналып қалған, бұл аталған учаскені мәжбүрлі түрде қайта тиеуге әкеліп соқты. Өзбек тарапы келіп түсетін вагондарды дер кезінде түсіруге үлгермеді, бұл жылжымалы құрамның өндірістік емес тұрып қалуына әкелді. "Сарыағаш" станциясындағы кептелісті реттеу мақсатында "Қазақстан темір жолы" ҰК" акционерлік қоғамы бірқатар уақытша тыйымдар енгізуге мәжбүр болды.
Сарыағаш бағытында барлық жүктерді жөнелтуге бірінші уақытша тыйым салу ағымдағы жылдың 12 қарашасында № 2849 бұйрықтың негізінде 12-18 қараша аралығында енгізілді.
Екінші уақытша тыйым салу ағымдағы жылдың 18 қарашасында № 2895 бұйрық негізінде 19-21 қараша аралығында енгізілді.
8 800-ден астам вагонның жиналуына және өзбек тарапының поездарды уақтылы қабылдамауына байланысты үшінші уақытша тыйым салу ағымдағы жылғы 21 қарашада № 2922 бұйрықтың негізінде 22-24 қараша аралығында енгізілді.
Төртінші уақытша тыйым салу, ҚТЖ жедел штабының шешімін орындау мақсатында 11 500-ден астам вагондардың жиналуы және соның салдарынан пойыздардың қозғалыссыз қалуы жағдайында ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында № 2991 бұйрықтың негізінде ағымдағы жылдың 2-10 желтоқсаны аралығындағы кезеңге енгізілді.
Сонымен қатар, қабылданған шараларға және қол жеткізілген уағдаластықтарға қарамастан, кептелістің салдары вагон паркін пайдалануға және оның айналымына айтарлықтай әсер етті, бұл «Астық Транс» АҚ тиеу жоспарларын орындау жөніндегі ағымдағы мүмкіндіктеріне тікелей әсер етті.
Бүгінгі күні Қоғам паркінің теңгерімді тиеуі кезінде айына 7 775 дейін вагон жөнелтуді жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Оның ішінде 3 500 вагон отандық қайта өңдеушілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ете отырып, астық өңдеушілермен жасалған меморандумдар шеңберінде оңтүстік бағыттағы республикаішілік тасымалдарға тартылған. Тағы 1300 вагон "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ-мен келісімшарт бойынша жұмыс істейді. Вагон паркінің қалған бөлігі экспорттық тасымалдауды жүзеге асыратын компаниялар арасында бөлінген.
Барлық тиеудің шамамен 70% тиесілі негізгі бағыттағы вагондардың кідіруі Қоғам вагондарының жалпы айналымының ұлғаюына алып келді. Осыған байланысты өтінімдердің бір бөлігін орындау келесі жылдың басына ауыстырылады.
Сізден «Астық Транс» АҚ байланысты емес қалыптасқан жағдайларды ескеруіңізді және қолданыстағы келісімшарттарды ұзарту мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймыз.

