Бүгінгі таңда теміржол көлігі нарығында басқа меншік иелері паркінің Ресей Федерациясына кетуі байқалады, бұл жоғары мөлшерлемелер мен рубль бағамының өсуіне байланысты. Осыған байланысты, "Астық Транс" АҚ (бұдан әрі-Қоғам) басқаруындағы паркке сұраныстар ұлғаюда, ол тек қазақстандық астықты тасымалдауға ғана тартылған. Өзінің әлеуметтік жауапкершілігін сезіне отырып, Қоғам астықты ішкі тасымалдауды экспорттық тасымалдарға қарағанда неғұрлым төмен тарифтер бойынша қамтамасыз етеді.
Ішкі нарықты қамтамасыз етуде қатерлерді нивелирлеу мақсатында, Қоғам 2022 жылдың 2 қыркүйегінде негізгі клиенттер - ұн тарту кәсіпорындарымен онлайн-кеңес ұйымдастырды.
Парктің қолда бар мүмкіндіктеріне сүйене отырып, Қоғам 2021 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларындағы орташа айлық тасымалдау көлемі есебінен айына 10% - ға ұлғайта отырып, клиенттердің ішкі тасымалдарына өтінімдерді қамтамасыз етуді ұсынды.
Ішкі тасымалдарға қатысатын, осы шарттарға келіскен клиенттер Қоғамдағы өздерінің дербес менеджерлерін хабардар етуі қажет, содан кейін дайын болуына қарай өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылатын болады. Бұл шара Қоғамды басқаруда паркті жоспарлаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, клиенттер астық тасымалдаудың кепілдендірілген көлемін қамтамасыз ете алады. Қоғам жоғары сұраныс кезеңінде тасымалданбаған көлемдерді кейінірек тасымалдауға болатындығын еске салады.
"Астық Транс" АҚ Қоғам басқаруындағы парк тек қазақстандық астықты тасымалдауда ғана пайдаланылатынына кепілдік береді және өз клиенттеріне алдын ала өтінімдерді беру және Қоғам паркін ғана пайдаланатын бейілді клиенттерді бірінші кезекте қамтамасыз ету туралы еске салады.