Астықты тиеудің жедел деректері
Жедел деректер бойынша, 2022 жылдың желтоқсанында нормативтен 2,5-2,8 есе тиеу кезіндегі тоқтапқалудың артуы байқалады. Бұл факт тиеу ресурсының төмендеуіне тікелей әсер етеді. Бұрын болжанғандай, желтоқсанда вагондар айналымының мерзімінің ұлғаюы бұрын жоспарланған тасымалдау көлемінің орындалмауына алып келеді және желтоқсан өтінімдерінің бір бөлігі 2023 жылдың қаңтарының бірінші жартысына ауыстырылады. Бұдан басқа, қаңтар айының демалыс және мереке күндері элеваторлардың бір бөлігі тиеуді жүзеге асырмайды немесе оны жоғары тариф бойынша жүзеге асырады.
Біз клиенттерге қаңтардың бірінші он күндігінде тиеу процесін алдын-ала ұйымдастыруды ұсынамыз, әйтпесе қаңтардың келісілген өтінімдерін орындамау қаупі бар.