Құрметті клиенттер мен серіктестер!
Жедел ақпарат бойынша демалыс және мереке күндері 40-қа жуық элеватор штаттық режимде жұмыс істемеді. Бұл демалыс күндері тиеу жоспарларының бұзылуына және станциялардағы вагондардың көбеюіне әкелді.Бұл жағдай жылдан жылға байқалады, теміржол инфрақұрылымы тәулік бойы жұмыс істейтініне қарамастан, тиеу/түсіру орындары тәулік бойы жұмыс істеуге бейімделмеген. Ал шешім алгоритмі әлі әзірленбеген.
Естеріңізге сала кетсек, тиімді тиеу қарқынын инфрақұрылымның дайындығынсыз қамтамасыз ету мүмкін емес. Осы мақсаттар үшін тиеу, түсіру орындарының қызметін, сондай-ақ рұқсат құжаттарын беруге жауапты органдардың қызметін 24/7 режиміне ұйымдастыру қажет.