Жедел деректерге сәйкес, жекелеген тиеу станцияларында вагондардың едәуір жиналуы және тиеу кезінде тоқтап қалуы сақталады. Мәселен, Жанысбай станциясында 80-нен астам вагон жұмыс істемейді, тиеу кезінде тоқтап қалуы 19 тәуліктен асады. Сондай-ақ, станциялар бойынша: Тальщик -116 вагон, Смирново-145 вагон, Ковыльная - 1-214 вагон. Вагондарды тиеу кезіндегі тоқтап қалу 6 тәуліктен асады, бұл бекітілген көрсеткіштерден едәуір асып түседі. Тиеу майданының немесе кірме жолдардың жұмыспен қамтылуына байланысты, жоғарыда аталған станцияларда бос вагондар жиналады. Ұқсас жағдай: Қарағанөзек, Майқұдық және Мартық станциялары бойынша. Бос вагондарды тиімді бөлу және тиеу ресурсын бақылау мақсатында клиенттерге жоғарыда көрсетілген жағдайды ескеруді және вагондардың кірме жолға берілуін күтуде көрсеткіштен тыс тоқтап қалуды болдырмау үшін тиеуге арналған жоспарлар мен өтінімдерді алдын ала беруді ұсынамыз.