Үшінші тарап экспедиторларының қызметтеріне қосымша шығындарды болдырмау мақсатында «Астық Транс» АҚ әлеуетті жүк жөнелтушілерді көлік-экспедициялық шарт жасасу арқылы тікелей өзара іс-қимыл жасауға шақырады.
Қоғам жүктерді жеткізу мерзімі мен құнын оңтайландыруға мүмкіндік беретін маршруттық және сатылы тасымалдарды ұйымдастырады.
Ірі жүк жөнелтушілер үшін бір жүк жөнелтушіден бір жүк алушыға арналған маршруттық жөнелту көзделген. Қалыптастырылған құрам межелі станцияға дейін жол жүру барысында қайта қалыптастырылмай жүреді, бұл теміржол инфрақұрылымын тиімді пайдалануға ықпал етеді. Мұндай тәсіл маневрлік операциялар санын азайту есебінен жеткізу мерзімін қысқартуға, тасымалдау шығындарын оңтайландыруға және вагондардың айналымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Орта және шағын жүк жөнелтушілер үшін бірнеше жүк жөнелтушінің вагондарынан бір немесе бірнеше тиеу станциясында қалыптастырылатын және ортақ межелі станцияға дейін жүретін сатылы жөнелту көзделген. Мұндай формат әртүрлі жүк жөнелтушілердің жүк көлемдерін бір құрамға біріктіруге және толық құрамды өз бетінше қалыптастыру қажеттілігінсіз маршруттық тасымалдың артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді.
Вагондарды ұсыну және жөнелтуді қалыптастыру мүмкіндігі мәлімделген бағытты, тиеу кезеңін, келісілген тасымалдау жоспарын және теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін ескере отырып айқындалады.
Сонымен қатар Қоғам теміржол, теңіз және автомобиль көлігін пайдалана отырып, мультимодальдық тасымалдарды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетеді. Тасымалды кешенді ұйымдастыру маршрутты үйлестіруді, терминалдармен және порттармен өзара іс-қимыл жасауды, жүкті қайта тиеуді және оны соңғы межелі пунктке дейін жеткізуді қамтиды.
«Астық Транс» АҚ клиенттермен өзара іс-қимылда ашықтық пен айқындық қағидаттарын ұстанады. Әлеуетті жүк жөнелтушілерге ынтымақтастық шарттары және тасымалдарды ұйымдастыру туралы дәйекті ақпарат алу үшін Қоғамға тікелей жүгінуді ұсынамыз. Шарт жасасу тәртібі туралы өзекті ақпарат және ресми байланыс деректері Қоғамның сайтындағы «Клиенттерге» бөлімінде орналастырылған, ал қолданыстағы клиенттер қажетті ақпаратты өз компанияларына бекітілген дербес менеджерлерден ала алады.

