Translogistica Kazakhstan 2021

Жаңалық күні: 16/09/2021

«Астық Транс» АҚ 2021 жылғы 13–15 қазанда Алматы қаласында 24 — ші «КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА»-TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2021 Қазақстандық халықаралық көрмесі өткізілетінін хабарлайды.
Көрмеге қатысушылар қатарында Қазақстан мен шетелдің теңіз порттарының, темір жолдары мен арнайы экономикалық аймақтарының әкімшіліктері; Көліктік-логистикалық орталықтар; логистикалық компаниялар; автотехника өндірушілері мен дилерлері; вагон жасау және жөндеу зауыттары; логистикалық орталықтарды жабдықтауға арналған жабдықтарды жеткізушілер; қойма жабдықтарын өндірушілер; жүктерді өңдеу мен қоймалауға арналған компаниялар; бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер, көлік саласы үшін IT-шешімдерді ұсынатын ғылыми және технологиялық компаниялар, процестерді автоматтандыру және жүйелік интеграция үшін технологиялар, сондай-ақ сақтандыру және консалтингтік компаниялар бар.
«Астық Транс» АҚ көрмеде стенд арқылы ұсынылады, 13 қазанда ашылу салтанатына Ұйым басшылары қатысады. Барлық ниет білдірушілер осы іс-шараға қатысып, «Астық Транс"АҚ басшылығымен іскерлік кездесулер өткізе алады.
Барлық қызығушылық білдірген тұлғаларды 24-ші Қазақстандық халықаралық көрменің жұмысына қатысуға шақырамыз:
Алматы қаласы;
Тимирязев көшесі, 42 (М. Әуезов көшесінің қиылысы)
«Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығы,
№ 10 Павильон.
Эпидемияға қарсы шараларды сақтауды ұмытпаңыз.

RU.PNG

Артқа жаңалықтарға