Источник: АО «Астық Транс»
Құрметті әріптестер!
Шектес мемлекеттерге жүктерді жөнелту кезінде вагондардың жүру жолында осы мемлекеттердің аумақтары бойынша тасымалдау төлемдері шетел валютасымен (доллармен және евромен) төленетініне назар аударуларыңызды сұраймыз. Осыған байланысты доллар мен еуро бағамының өсу себебінен шектес мемлекеттердің темір жол әкімшіліктерін тасымалдау құны артады және тиісінше, теңгеге аударғанда барлық тасымалдау құны да жоғарылайды. «Астық Транс» АҚ вагондарын ұсыну құны өзгеріссіз қалатынын атап өту қажет. Көрші елдердің аумақтары бойынша бөгде экспедиторлардың барлық тасымалдау ақысы «Астық Транс» АҚ ұсынатын мөлшерлемеге кіреді және клиенттерге қайта ұсынылады.