Құрметті клиенттер мен серіктестер!
Қоғам бірінші кезекте ішкі тасымалдарды қамтамасыз етуді басымдық деп санайтынын тағы да еске саламыз. Сондықтан экспорттық жүк жөнелтушілерден вагондармен қамтамасыз етудің ұзартылған мерзімдеріне түсіністікпен қарауды сұраймыз, өйткені экспорттық операциялардың толыққанды басталуы қыркүйектің екінші жартысында ғана басталды, бұдан басқа, Қостанай облысындағы өрттер тиеу қарқынына әсер етті.Қоғам басқа қазақстандық операторлар паркін, ресейлік компаниялар паркін және ТМД-ның басқа да елдерін, жылжымалы құрамның басқа да түрлерін (жабық вагондар, контейнерлер) қамтитын бәсекелестік ортада астық тасымалдауды экспедициялау жөнінде қызметтер көрсететінін еске саламыз.
Қоғам жағдайды тәулік бойы бақылап отырады және техникалық мүмкіндік шеңберінде клиенттердің өтінімдерін тиімді қамтамасыз етуге тырысады