Құрметті клиенттер мен серіктестер!
"Астық Транс" акционерлік Қоғамы (бұдан әрі-Қоғам) осымен төмендегілер туралы хабарлайды:
2022-2023 маркетингтік жылдың егінін тасымалдаудың маусымдық басталуына байланысты және вагондардың айналымдылығын арттыру, тиеу/түсіру кезінде тұрып қалуды азайту мақсатында және соның салдарынан вагон жөнелтілімдері үшін жарамды парктің ұлғаюы мақсатында, Қоғам жасалған қосымша келісімдерге (келісімдерге) сәйкес 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тиеу/түсіру жөніндегі вагондардың нормативтен тыс тұрып қалғаны үшін айыппұл санкцияларын өндіріп алу жөніндегі талап қою жұмысының қайта басталғаны туралы хабарлайды (қосымша келісімді жүктеуге сілтеме). Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша, Сізге бекітілген менеджерлерге хабарласуыңызды сұраймыз. Құрметпен, «Астық Транс» АҚ