2017 жылы «Астық Транс» АҚ 600 вагонның қызмет ету мерзімін ұзартуға, 2018 жылы өз паркінің 682 вагонын жөндеуге инвестиция салды, осымен оны толықтай сақтап қалды. Сонымен қатар, 2018 жылы компания 721
2018 жылы жаңа вагондарды сатып алуға және қолда бар паркті күрделі жөндеуге инвестиция көлемі 11,9 млрд.теңгені құрады. 2019 жылы паркті жаңартуға 15,0 млрд. теңгеге дейін инвестиция салу жоспарлануда. Вагондардың жұмыс паркі Қазақстандық астықты тасымалдауға толығымен тартылған.
Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап Қоғам негізгі қосалқы бөлшектер (құйылған бөлшектер, арбашалар және доңғалақ жұптары) құнының 3 есе өсуіне және тапшылығына байланысты вагондарға жөндеу жүргізу қиындықтарына тап болып отыр. Төменде 2017 жылдың құнына қатысты бағаның өсу серпіні келтірілген.
Бұл ретте, Астық Транс вагондарын ұсыну құны, бұл вагондарды жөндеу құнының күрт өсуіне қарамастан, нарықтың осы сегментіндегі ең төмен екендігін атап өту қажет.
Ағымдағы маусымда «Астық Транс» АҚ вагондарды жөндеу және паркті кеңейтуге инвестиция шығындарының өсуіне қарамастан, өз ставкаларын өткен жылғ