Даму стратегиясы

«Астық Транс» АҚ дамуының стратегиясы келесіні қарастырады:

  • Көліктік-экспедиторлық қызметтің дамуы, жүктерді экспедициялау, соның ішінде барлық аймақтар бойынша маршруттық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде, сапаны жақсарту және қызмет номенклатурасын кеңейту;
  • Астық жүктерін мультимодальді тасымалдауды дамыту, жүктерді жеткізіп беру мерзімдерін қысқарту және қолданыстағы логистикалық бағыттарды оңтайландыру мақсатында елдің барлық көліктік кешенін пайдалану;
  • Қоғамның корпоративтік басқармасының жоғары деңгейін іске асыру;
  • Нәтижелі қаржылық-экономикалық қызметті, пайдалану қызметін іске асыру, сырттай және іштей ақпараттық байланыстарды орнату үшін басқармасының корпоративтік ақпараттық жүйесін енгізу және дамыту;
  • Өңірлік желіні, республикалық және халықаралық өкілеттіліктерді дамыту және жетілдіру;
  • Халықаралық сапа, басқару және есептілік стандарттарын енгізу.

Міндеттер

  • Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің темір жолдық жылжымалы құрамдағы қажеттілігін қамтамасыз ету бойынша жігерді шоғырландыру;
  • Көліктік қызметтер саласын ауыл шаруашылық жүктер нарығында кеңейту;
  • Транзиттік тасымалдауларды дамыту;
  • Тасымалдаулардың операциялық барысын жетілдіру және логистикалық қызметтер кешенін кеңейту;
  • Қазақстандық астықты тасымалдаудағы өсіп келе жатқан қажеттілікті қамтамасыз ету үшін вагондар паркін нығайту және жаңарту;
  • Нәтижелі тарифтік саясатты іске асыру.