Құрметті клиенттер мен серіктестер!
«Астық Транс» АҚ тарифтік саясатының өзгеруіне байланысты, 2019 жылдың 2-ші онкүндігінен бастап республикаішілік бағыттарда вагондарды ұсыну тарифтерінің түзетілуі туралы хабарлайды. Бұл ретте 800 км-ге дейінгі қашықтыққа тасымалдау үшін вагондарды беру тарифтері өзгермейді, ал 800 км-ден астам қашықтық үшін тарифтер инфляция шегінде айтарлықтай өзгере түседі. Тарифтердің аталған өсуі жүк операцияларымен нормативтен тыс тұрып қалғандары үшін Қоғамның клиенттерге айыппұл ұсынбауы есебінен толық өтелетін болады.
2019 жылдың 1 сәуірінен бастап Қоғам экспорттық бағыттарда вагондарды беру құнын 10% — ға дейін төмендету туралы шешім қабылдағаны туралы еске саламыз.
Сіздерді қызықтыратын сұрақтар бойынша Сізге бекітілген менеджерлерге хабарласуларыңызды сұраймыз.