Құрметті клиенттер мен серіктестер!
«Астық Транс» акционерлік қоғамы (бұдан әрі — Қоғам) осымен Сізді төмендегілер туралы хабардар етеді:
Сіздерге белгілі болғандай, Қоғам жүк тиеу/түсіру станцияларында Қоғамның жылжымалы құрамының нормативтен тыс тұрып қалуына жол беру бөлігінде көліктік экспедиция шартының 4.2.16 т. тиісті дәрежеде орындалмауына қатысты клиенттермен тұрақты негізде наразылық жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар, қазақстандық астықтың экспорттық әлеуетін іске асыруда қиындық туғызатын кедергілерді жою, оның ішінде экспорттық және республикаішілік бағыттарда тасымалдар көлемінің — үйінді аграрлық жүктердің одан әрі өсуін ынталандыру мақсатында Қоғам тиеу/түсіру бойынша вагондардың нормативтен тыс бос тұрғаны үшін айыппұл санкцияларын қою уақыты кезеңін алып тастау туралы шешім қабылдады: 2019 жылғы 1 наурыздан бастап 1 қыркүйекке дейін қоса алғанда.
Өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға үмітпен біз сервисті одан әрі сапалы әрі тиімді етуге тырысамыз.
«Астық Транс» АҚ Сіздің бизнесіңізге даму мен өркендеуді тілейді.
Сіздерді қызықтыратын сұрақтар бойынша Сізге бекітілген менеджерлерге хабарласуларыңызды сұраймыз.
Аса құрметпен, «Астық Транс» АҚ