2019 ж. 11 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қ. Қазақстанның астық жүктерін теміржолмен тасымалдау нарығы қатысушыларының VI-шы жыл сайынғы Қоғамдық Кеңесінің отырысы өтті.
Биылғы жылы бұл іс-шара астық нарығының барлық қатысушылары үшін мәселелерді талқылау жөніндегі халықаралық алаң болып табылды: мемлекеттік құрылымдарға, трейдерлерге, экспедиторларға, көлік компанияларына, заңды тұлғалар бірлестіктеріне, сюрвейерлер және Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан темір жол әкімшіліктерінің өкілдеріне.
Бұл отырысқа ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ, «KTZ Express» АҚ, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «Русагротранс» АҚ, «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» ЗТБ, «Қазақстанның Астық Одағы» ЗТБ, «Қазақстанның астық өңдеушілері мен наубайшылары Одағы» ЗТБ, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС, «Түркмендемиреллары» АҮАҚ (Түркіменстан), УП «Узжелдорэкспедиция» («Узбекистон темир йуллари» АҚ) «Гленкор Агрикалчер Қазақстан» ЖШС және т. б. басшылары қатысты.
«Астық пен ұн экспортында елеулі қазақстандық экспорттың тауарлық ұстанымдарының қорытындысы бойынша, 2018 жылы осы өнімдердің экспорт көлемі 1,4 млрд. АҚШ долларын (астық — 965 447,4 мың АҚШ долларын, ұн — 445 997,7 мың АҚШ долларын) құрады.
Біздің жақында құрылған министрлік осы қазақстандық тауарларды сыртқы нарықта нығайту үшін күш жұмсамақ. Бүгін мемлекеттік қолдау шаралары жұмыстарын үйлестіру мақсатында, Сауда саясатын дамыту орталығының базасында экспорттаушыларды қолдаудың Бір терезесін құрдық. Аталған орталық «QazTrade» атауына ие болды — деп атап өтті ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы.
Отырыста сондай-ақ 2019 жылғы қазақстандық астықты тасымалдау мәселелері, оның ішінде: жаңа көлемдер, жаңа бағыттар және көлік логистикасын одан әрі дамыту перспективалары, астық және майлы дақылдарды өндіру, сату және өңдеу саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері талқыланды.
Астық нарығының мамандары биылғы егінге қатысты болжамдарымен бөлісті. Барлық сарапшылардың жалпы түсімі былтырғы 20 млн. тоннадан аз дәнді дақылдар жоспарланғаны туралы ойлары бір жерден шықты. Тиісінше, бұл ел ішіндегі жеткізілім көлеміне-де, экспортқа да сөзсіз әсер етеді.
«Астық Транс» АҚ Президенті С. Б. Елюбаев бүгінгі таңда Қоғамның 6300 вагон-хопперден асатын жалпы вагон паркі тасымалдау маусымына толықтай дайын екенін атап өтті.