Құрметті клиенттер мен серіктестер!
Астықтың жоғары қалдықтарымен және егіс компаниясының күтілетін басталуымен ұштасқан Қазақстанның астық нарығындағы күрделі жағдайды ескере отырып, "Астық Транс" акционерлік қоғамы экспорт пен ішкі тасымалдарды ынталандыру мақсатында 2024 жылғы 1 сәуірден бастап "16-32-48" біржолғы тасымалдау бағдарламасы бойынша тарифтерді төмендетуді ұсынады, сондай-ақ осы бағдарламаны жинақтаушы тасымалдаулар үшін бір ай ішінде кеңейтуді ұсынады.
Бұдан басқа, импорттық тасымалдарға, сондай-ақ шекара маңындағы станцияларынан ішкі тасымалдарға тарифтер төмендетілді.
Әлеуметтік нан мен ұн өндірушілер, сондай-ақ құрама жем, жем және дәнді дақылдар, құс фабрикалары, ірі қара мал өсіру шаруашылықтары үшін төмен тарифтер сақталады. Басқа ішкі жүк жөнелтушілер үшін де тарифтер төмендетілді.
"Астық Транс" АҚ Қазақстандық агроөнеркәсіптік кешеннің белсенді қатысушысы бола отырып, отандық трейдерлер мен астық өндірушілердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге дайын.
Сұрақтарыңыз болса, Сізге бекітілген менеджерлерге хабарласуыңызды сұраймыз.